Размер шрифта:
Туризм туралы тусиник

Туризм туралы тусиник

Туризм туралы тусиник

Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.

Содержание

Кіріспе1. Туризм индустриясы, туризм - әлемдік экономикада2. Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына талдау.3. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары.4. Қазақстан Республикасы туристік индустриясының экономикадағы перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама4.1. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері4.2. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері4.3. «Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын қалыптастыру».5. Қорытынды.6. Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Turizm_industriasy_ulttyk_ekonomika_retinde.docx

  1. Туризм индустриясы, туризм - әлемдік экономикада
  2. Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына талдау.
  3. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары.
  4. Қазақстан Республикасы туристік индустриясының экономикадағы перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама

4.1. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары

және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

4.2. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

4.3. «Қазақстанның туристік маркетингтік стратегиясын қалыптастыру».

  1. Қорытынды.
  2. Пайдаланылған әдебиеттер.

"Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз элі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.

Әлемдік шаруашылықтың жаһандануы мен трансұлттануы, нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің бәсекеге қабілетті ел қатарына қосылуы экономиканың кешенді дамуына негізделеді. Республика аймақтарында қазіргі заманғы талаптарға сай кластерлерді құру маңыздылығы Қазақстан Республикасының президнті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері мен халыққа жолдауында бірнеше аталып өтілді.

  1. Туризм индустриясы, туризм - әлемдік экономикада.

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүние жүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.

ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай-ақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі.

Қазіргі туризм — бұл әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сейтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту — ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен олардың әр түрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.

Туризмнің жылдам және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде белгіледі. Осыған орай туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін қалыптастыруды көздейді.

«Туризм және туризм индустриясы» терминінің анықтамасы жалпы қабылданғаннан бірнеше айырмашылығы болу керек. Олардың айырмашылығы теориялық бағыттың «Туризм» терминіне географиялық тұрғыдан және «Туризм индустриясы» терминіне экономикалық тұрғыдан қарау. Туризм – бұл саяхат, ал саяхат – ғасырлардан қалыптасқан түсінік, олар саяхатшы-географтармен жасалған географиялық ашылулар. Сондықтан туризм – бұл таза географиялық түсінік.

«Туризм индустриясының» экономикалық мәні бар. Индустрия сөзі үлкен өнеркәсіп деген мағынаны білдіреді (л.т. «industria» — қызмет). «Туризм индустриясын» экономикалық тұрғыдан қарау бұл саланың масштабтылығы мен тиімділігіне аз капиталдың сыйымдылығы және құйылған қаржының тез өтелуіне байланысты.

Бұл ретте біз экономиканың дамып келе жатқан саласының объектілері мен субъектілеріне тоқталып қарастырайық.

«Туризм индустриясының» ерекше қасиеттері:

Туристік мекемелердің ресурстарға байланысты орналасуы, өндірістің маусымдылық және циклді мінезі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен инвестицияның міндеттілігі жатыр. Туризм индустриясын дамытуды дұрыс түсіну үшін экономикалық саланың оң және теріс жақтарын бөліп көрсету керек.

📎📎📎📎📎📎📎📎📎📎